Ресми: Альварес Джейкобспен жұдырықтасады

Ресми: Альварес Джейкобспен жұдырықтасады

Орта салмақ дәрежесінде WBC, WBA және The Ring тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль Альварес келесі кездесуін IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл туралы өзінің твиттердегі ресми парақшасында Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де ла Хойя мәлімдеді.

Аталмыш жекпе-жек мамырдың 4-і, Лас-Вегастың Т-Mobile аренасында өтеді. 

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Геннадий Головкиннің командасы Альвареспен үшінші жекпе-жектен бас тартқан болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или