Максимович пен Кляйнхайслер клубтың таңдаулы құрамына енді

Максимович пен Кляйнхайслер клубтың таңдаулы құрамына енді
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер орталық жартылай қорғаушылардан Неманья Максимович пен Ласло Кляйнхайслер жұбын үздік деп таныды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сербиялық ойыншы «Астана» сапындағы барлық турнирлерде 80 ойын өткізіп, 12 гол соққан және де Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде шешуші голды соғып, «Астана» командасы алғаш рет Кәрі құрлықтың ең басты додасының топтық кезеңіне жолдама алған болатын.

Ал Ласлоға келер болсақ, венгриялық жартылай қорғаушы елорда командасы жейдесінде 53 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Үздік төрттік:

1.Неманья Максимович 30,9%

2.Ласло Кляйнхайслер 24,82%

3.Рохер Каньяс 20,65%

4.Иван Маевский 13,05%

Сауалнамаға 4 460 қолданушы қатысты.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер