Пеле «жаңа Пелені» тапты
Әлемнің үш дүркін жеңімпазы, бразилиялық Пеле Килиан Мбаппе <span>«</span>жаңа Пеле<span>»</span> атануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пеле әлем Кубогын 17 жасында ұтып алған болатын. Мбаппе 19 жасында иеленді.
«Ол менімен бірдей түсті. Мбаппе «жаңа Пеле» атануы мүмкін», — деді бразилиялық аңыз ойыншы.
Мбаппе 2018 жылғы әлем чемпионатында финал кезінде Хорватияға қарсы гол соғып, әлем чемпионатындағы гол соққан ең жас ойыншылар қатарында екінші орынға жайғасты.
Мбаппе «Пари Сен-Жермен» клубы сапында өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или