«Канелоның» промоутері Головкинге қарсы жекпе-жек туралы жағымсыз жаңалық айтты

«Канелоның» промоутері Головкинге қарсы жекпе-жек туралы жағымсыз жаңалық айтты

Golden Boy промоутердік компаниясының президенті Эрик Гомес орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші рет жекпе-жекке шыққысы келетініне күмән келтірді. 

<span>Бұдан бұрын GBP басшысы Оскар де ла Хойя Гомеске Головкиннің өкілдерімен үшінші кездесуге қатысты келіссөздерді бастауды тапсырған болатын. Компания президентінің сөзіне қарағанда келіссөздердің бірінші кезеңі сәтті болмаған сыңайлы. </span>

<span>- Головкин «Канеломен» қайта жұдырықтасқысы келмейтін сияқты. Бұрынғыдай жеңіл кездесулерді қалайды. Уақыт көрсетеді, достар, — деп жазыпты Эрик твиттерде. </span>

<span>Өткен демалыста Де ла Хойя үшінші кездесудің күні мен болатын жерін атады – 4 мамыр күні Лас-Вегаста. </span>

<span>Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы екі жекпе-жек те осы қалада өткен болатын. «Канело» — GGG алғашқы кездесуі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіп кетті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или