Гарсия: Мейвезер тәуекелге барғысы келмейді

Гарсия: Мейвезер тәуекелге барғысы келмейді

Жеңіл салмақта IBF және WBC чемпионы Майки Гарсияның пікірінше, америкалық Флойд Мейвезер енді қауіпті қарсыластармен жұдырықтаспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оны нағыз жекпе-жектер қызықтырады деп ойламаймын. Ол көрмелік кездесулерге қатыса беретін шығар. Тәуекелге барғысы келмейді. Сәл қауіптірек кездесуге келісімін береді дегенге күмәнім бар. Нағыз жекпе-жектер туралы әңгімесінің бәрі маңызды емес. Ол тек белсенді болып қалғысы келеді», - деді Гарсия.

Айта кетейік, 2018 жылы 31 желтоқсанда Мейвезер 20 жасар жапон Теншин Нацукавамен көрмелік жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или