Путинцева мен Дияс Үлкен дулыға турнирінде алғаш рет жұптасып сынға түседі
Аустралия ашық чемпионаты әйелдер арасындағы жұптық сынының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Үлкен дулыға турнирінде алғаш рет жұптасып өнер көрсетеді. Олар бірінші айналымда серб Далила Якупович пен ресейлік Ирина Хромачевамен кездеседі.
Зарина WTA рейтингісінде 98-ші орында, ал Юлия 44-ші сатыда келеді. Ал Далила – 82, Ирина 136-шы орында тұр.
Қазақстандық тағы бір теннисші Галина Воскобоева румыниялық Ралука Оларумен бірге франциялық Кристина Младенович және венгр Тимеа Бабошпен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или