Вадим Псарев өмірден озды
Грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вадим Александрович Псарев өмірден озды, деп жазады prosports.kz.
Вадим Александрович - кеңестік жаттықтырушы, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1969). КСРО құрамасының жаттықтырушысы. Бүкілодақтық санаттағы судья (1968). Күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2014 жылы FILA даңқ залына есімі енген.
Танымал шәкірттері:

Бакулин, Владимир Николаевич (1939—2012) — КСРО чемпионаттарының жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері.

Дециев, Бисолт Османович (1964) — КСРО, КСРО және Еуропа чемпионы, КСРО және әлем кубоктарының лауреаты, Азия чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі СССР спорт шебері.

Назаренко, Анатолий Иванович (1948) — КСРО, Еуропа және әлем чемпионаттарының чемпионы, жүлдегері, Олимпиада жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.

Резанцев, Валерий Григорьевич (1946) — КСРО, Еуропа, әлем, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері.

Ушкемпиров, Жаксылык Амиралыулы(1951) — КСРО чемпионатының чемпионы және жүлдегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, әлем және олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері.