Денис Теннің өліміне кінәлі күдікті Жанар Толыбаевамен қарым-қатынасы жайлы айтты
Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында күдікті қызбен қарым-қатынасын баяндады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі NUR.KZ портлаына сілтеме жасап.
Ол өзінен жүкті Жанар Толыбаевамен қашан және қайда танысқанын жеткізді.

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деп айыпталып жатқан Арман Құдайберген басқа күдіктілермен қалай танысқанын айтып берді.

- Жанар екеуміз 29 сәуір күні таныстық. Ол кезде достарыммен кафеге барғанмын. Сол жерде оны ұнатып, ұялы телефон нөмірін алып қалдым. Хабарласып жүрдік, арамызда ғашықтық сезім пайда болды.
Мен оған Қордайға барып тұратынмын. Негізі үйленеміз деп жүрдік. Ал Нұралымен көлік жуу орталығында таныстым, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Алматыда марқұм Денис Теннің ісіне қатысы сот отырысы жалғасуда.