Олимпиада чемпионын бапкері төрт жыл бойы зорлап келген
Оңтүстік Кореяның шорт-трекшісі Сим Сок Хи бапкері Чо Чже Бомды «зорлық көрсетті» деп айыптады.
Спортшының сөзінше, бапкері оны 17 жасынан бері зорлап келген.
Бойжеткеннің адвокаты зорлық-зомбылық әрекеттер тек 2018 жылы қаңтарда өткен Пхенчхандағы олимпиададан бір ай бұрын ғана тоқтағанын мәлімдеді.
21 жастағы Сим Сок Хиді соққыға жығып, зорлық көрсеткен Чо же Бом 10 айға қамауға алынуға тиіс болған. Алайда бапкер бұл шешіммен келіспей, сот үкіміне шағым түсірген.
Анықталғаны, жаттықтырушы азамат жас қызды мемлекеттік жаттығу орталығында зорлаған.
Сим Сок Хи - екі дүркін олимпиада чемпионы. Алғашқы алтынын ол Сочи олимпиадасында жеңіп алған. Ал екінші алтынын төрт жылдан кейін Пхенчханда қанжығасына байлаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или