Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

22 желтоқсанда, Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион Джермалл Чарло (28-0, 21 КО) ресейлік Матвей Коробовты (28-2, 14 КО) жеңген болатын.

Джермалл Чарлоны қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқысы келіп, бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын.

Америкалық боксшының бапкері Ронни Шилдс де WBC ұйымы Чарло мен Головкин арасындағы жекпе-жекті бекіткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Чарлоның келешекте кездесуі мүмкін қарсыластары - Канело, Даниэль Джейкобс (35-2, 29 КО), Деметрий Андраде ( 26-0, 16 KO).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или