Бақтияр Эюбов кезекті жекпе-жегін 15 ақпанда өткізеді

Бақтияр Эюбов кезекті жекпе-жегін 15 ақпанда өткізеді

Жеңілістің дәмін татпаған қазақстандық боксшы, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Бақтияр Эюбов (14-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін Американың Малвэйн қаласында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жекпе-жек 15 ақпанға жоспарланған. Қарсыласы әзірге белгісіз. Бұл күні қазақстандық боксшы Изим Избаки (1-0, 1КО) да рингке шығады.

«Баха-оқ» деген атпен танылған боксшы соңғы рет 22 маусым күні Детройтта (Мичиган штаты, АҚШ) рингке шыққан. Сол жекпе-жекте жергілікті боксшы Николас Гивэнді (21-2-1, 11 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Содан кейін Бақтияр канадалық Ив Улисс (16-1, 9 КО) пен АҚШ боксшысы Миккель Леспьерді (20-0-1, 9 КО) рингке шақырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или