«Ұлттар кубогы» турниріне елімізден 11 боксшы барады
14-21 қаңтар күндері Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі өтеді.
Сербия төріндегі сынға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк жылдың беташар жарысында бақ сынайтын спортшылар тізімін жариялады.
Олар: Әйгерім Қасенаева (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Ангелина Лукас (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Әлия Әбдірайымова (64 келі) Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).
"Ұлттар кубогі" жыл сайын Сербияда ұйымдастырылатынын еске саламыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или