Зарина Дияс WTA рейтингінде 9 саты төмендеді
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс 9 сатыға төмендеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Қазір спортшы 98-ші орында тұр. Бұрынғы рейтингіде қазақстандық теннисші 89-шы сатыда болатын. Ал Юлия Путинцева 44-ші орнын сақтап қалды.
Көш басын румын теннисшісі Симона Халеп бастап тұр. Екінші орынға неміс Анжелик Кербер жайғасқан. Үздік үштікті даниялық Каролин Возняцки түйіндеп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или