Мұса Тұрсынғалиев танымал боксшылармен бірге жаттықты
Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев америкалық Теофимо Лопес және британдық Люк Кэмпбэлмен бірлескен жаттығу жұмыстарын өткізді, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>«Даму үшін мықтылармен бірге жаттық», — деген жазумен Мұса Тұрсынғалиев Теофимо Лопес және Люк Кэмпбэлмен бірге өткізген жаттығу жұмыстарын фото жүктеді. </span>
<span>Айта кетейік, Мұса Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста 8 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуінде 28 қыркүйек күні колумбиялық Дэйви Хулио Бассуды ұтқан.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или