«Канелоның» кіммен жұдырықтасатыны белгілі
Golden Boy промоутерлік компаниясының басқарушы серіктесі Бернард Хопкинс мексикалық боксшы Сауль Альварестің қарсыласының есімін атады, деп жазады Prosports.kz сайты.
Оның айтуынша «Канело» 4 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында шаршы алаңға оралады. Альварес орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемьеге (40-4, 34 KO) қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, Сауль Альварес соңғы жекпе-жегін 16 желтоқсан күні британдық Рокки Филдингке қарсы өткізіп, оны үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или