Путинцева Сиднейде екінші айналымға шықты

Путинцева Сиднейде екінші айналымға шықты

Сиднейде (Аустралия) WTA турнирінің бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева мен жергілікті Дарья Гаврилова күш сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева қарсыласын екі сетте ұтты – 6:1, 7:6 (7:4).

Матч 1 сағат, 42 минутқа созылған. Юлия бес брейк-пойнттың үшеуін орындай алды.

Енді қазақстандық теннисші келесі айналымда Слоан Стивенс/Екатерина Александрова жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Сиднейдегі турнирдің жүлдеқоры 828 мың долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или