Латвия және Беларусь чемпионы «Ертіспен» келісімшартқа отырды
Латвия және Беларусь елдерінің басты біріншіліктерінің чемпионы болған, 28-жасар латвиялық қорғаушы Каспар Дубра «Ертіс» ФК қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дубра - «Сконто» (Рига қаласы, Латвия) футбол орталығының тәлімгері. Негізінен орталық қорғаушы болып табылады.

Латвиялық «Сконто», «Олимп», «Вентспилс», «РФШ» клубтарында және белорусиялық «БАТЭ» командасында өнер көрсеткен. 2014 жылы Латвияның үздік қорғаушысы атанған еді.

Каспар үш мәрте Латвия чемпионы, Латвия Кубогының иегері («Сконто», «Вентспилс») және «БАТЭ» құрамында Беларусь чемпионы атанып, Беларусь Кубогы мен Суперкубогына ие болған.
Отандық футбол сүйер қауымы Каспарды УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстанның Латвияға қарсы ойындары арқылы жақсы таниды. Латвия құрамасының сапында 2010 жылдан бері өнер көрсетеді.