Андрей Карпович: Жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз
Көкшелік «Оқжетпес» футбол клубының жаңа бас бапкері Андрей Карпович алдағы маусымдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап
<span>«Команданың бас жаттықтырушысы ретінде өзіме қойылатын талаптарды жақсы білемін. Команда соңғы кездері ала-құла ойнап жүр. Бұл әрине, премьер-лигада тұрақты өнер көрсеткісі келетін команда үшін тиімсіз. Сондықтан, жақында оқу-жаттығу жиындарында команданы жасақтап, алдағы мақсаттарымызды айқындайтын боламыз. Әсіресе, үздіктер қатарына іліну үшін бар күшімізді саламыз. Ең басты клуб басшылығы мен жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысамыз, - деді Андрей Карпович.</span>
<span>Айта кетейік, бүгін «Оқжетпес» футбол клубының басшылығы бас жаттықтырушы болып тағайындалған Андрей Карповичті таныстырды. </span>