«Оқжетпес» бас бапкерін таныстырды

«Оқжетпес» бас бапкерін таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

Премьер-лигаға оралған «Оқжетпес» клубы жаңа бас бапкерін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгін «Оқжетпес» жаңа бас бапкер Андрей Карповичті ел назарына таныстырды. Қазақстандық маман көкшелік команданы жыл соңына дейін жаттықтырады.

37 жастағы маман биылғы маусымда «Қайраттың» уақытша бас бапкері қызметін атқарған. Алайда маусым соңында алматылық команданың тізгінін Алексей Шпилевский ұстады.

Айта кетейік, Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы 2018 жылғы маусымында ҚР Бірінші лигасының чемпионы атанып, премьер лигаға берілетін жолдаманы ұтып алған болатын. Барлық құқықтар қорғалған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер