Инсайдер Головкин промоутері Леффлермен жұмысын тоқтатқанын хабарлады

Инсайдер Головкин промоутері Леффлермен жұмысын тоқтатқанын хабарлады

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) промоутер Том Леффлермен жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ESPN арнасының маманы мен инсайдері Дэн Рафаэль өзінің твиттер желісінде жазды.

Желі қолданушыларының бірі мұның алдында айтылғандай, «Головкин неге әлі телесеріктес таңдамады» деген сұрақ қойды.

«Мұны істемегені анық. Леффлер де айтқан, телесеріктесті жыл соңына дейін таңдайды деп, ал Головкин енді онымен жұмыс істемейді», – деп жауап берді Рафаэль.

Айта кетейік, желтоқсанда Los Angeles Times басылымы Головкин промоутер Том Леффлерден кетуі мүмкін екенін жазған. Дегенмен әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или