Головкин өзінің промоутері Том Леффлермен енді жұмыс істемейді

Головкин өзінің промоутері Том Леффлермен енді жұмыс істемейді

Танымал журналист және ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль Твиттерде Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қолданушылардың бірі Рафаэльден GGG-дің неліктен жыл соңына дейін телесеріктес таппағанын сұрады.

«Ол мұны істемегені анық. Леффлер жыл соңына дейін телесеріктес таңдаймын деген еді, енді Головкин онымен бірге жұмыс істемейді», - деп жауап берді шолушы.

Еске салайық, 2018 жылдың соңында Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр да Геннадийдің Леффлердің қызметінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или