Головкин үшінші рет әке атанады
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен жұбайы Алина үшінші перзентінің дүниеге келуін күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz мәлім етті.
Fox Sports және The Ring-тің инсайдері Майк Коппинджердің сөзінше, Головкиннің жұбайы осы айда босанады деп күтілуде.
Айта кетсек, Геннадий мен Алинаның бір ұлы мен қызы бар. Ұлы Вадим Лос-Анджелесте хоккеймен айналысады және спорттың бұл түрінде болашағынан үміт күттіреді.
Бүгінгі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп жатыр. Сонымен бірге телесеріктестермен келіссөздер жүргізуде. Боксшы осы жылдың көктемінде рингке оралады деп жаспарлануда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или