Воскобоева Младеновичпен жұптасып WTA турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева франциялық теннисші Кристина Младеновичпен жұптасып Аустралиядағы WTA турнирінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Қазақстандық-франциялық жұптың қарсыласы голландиялық дуэт Кики Бертенс пен Деми Схюрсті екі сетте 1 сағат 16 минутта жеңді.
Жалпы есеп Воскобоева мен Младеновичтің пайдасына 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.
Жеңімпаздар келесі кезеңде тайваньдық теннисшілер Чжань Хаоцин мен Чжань Юнжань кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или