Шетелдік БАҚ: Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады

Шетелдік БАҚ: Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады

Boxingscene.com сайты 2018 жылды қорытындылай отырып, қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастағанын атап көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Редакция 2018 жылдың үздік проспектісі ретінде 20 жастағы америкалық боксшы, жеңіл салмақта өнер көрсететін Девин Хэйниді (20-0, 13 КО) атап көрсетті. Ал Елеусінов осы тізімде екінші орынды иеленді. </span>

<span>«2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 28 сәуір күні дебютін тойлап, биыл кәсіпқой бокстағы қызметін зор екпінмен бастады. Бесінші кездесуінде мықты солақай боксшы Елеусінов никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутқа жіберді», - деп жазады Boxingscene.com. </span>

<span>Еске сала кетейік, боксшы кәсіпқой бокстағы бес жеңісінің үшеуін нокаутпен аяқтады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или