Танымал бокс бапкері қайтыс болды

Танымал бокс бапкері қайтыс болды

Ақтау қаласының атақты бапкері Александр Александрович Драч 79 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Nur.kz жазды. 

Александр Драч – бокстан еңбек сіңірген бапкер, Қазақстан спортының ардагері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

Ақтаулық бокс сүйер қауым бапкерді «Сан Саныч» лақап атымен біледі.

Жаттықтырушы әскерден соң 1971 жылы Ақтауға келіп, бокс үйретуді бастаған.

Ол бапкерлік қызметке 45 жылын арнаған.

Александр Драч өзінің мансабында жастар арасындағы Еуропа және әлем чемпиондарын, Азия жүлдегерлерін, мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы жеңімпаздарын, КСРО чемпионаты мен кубогы чемпиондарын, Қазақстан біріншілігінің жүлдегерлерін шығарған.

Атақты бапкердің отандық спорттың дамуына сүбелі үлес қосқанына ешкім күмән келтірмейді.

Александр Драчты ақтық сапарға шығарып салу сәті 2 қаңтар күні «Маяк» спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или