Зарина Диястың Шэньчжэнь турниріндегі қарсыласы анықталды
Қазақстандық Зарина Диястың Шэньчжэнь (Қытай) турниріндегі қарсыласы анықталды.
Жүлде қоры 626 750 АҚШ долларына бағаланған бұл жарыс - теннисшілер үшін жаңа маусымдағы алғашқы турнирлердің бірі. Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан дәстүрлі турнир 5 қаңтар күні мәреге жетеді.
Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 71-інші ракеткасы, ресейлік Евгения Родинамен күш сынасады. Оны жеңген жағдайда әлемнің 20-сыншы ракеткасы, қытайлық Ван Цян немесе америкалық, рейтингте 62-сатыдағы Элисон Рискенің біреуімен кездеседі.
Айта кетейік, 2018 жылы әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп осы жарыстың жеңімпазы атанған болатын. Алайда биыл ол қатыспайды. Дегенмен әлемнің 13-інші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко бастаған франциялық Каролин Гарсия, атақты ресейлік теннисші Мария Шарапова сынды мықты спортшылар баршылық.
Шэньчжэнь турнирі де 10-26 қаңтар аралығында өтетін Австралия ашық чемпионаты алдындағы жарыстардың бірі болып есептеледі.