Денис Евсеев Гонконгта өткен турнирде топ жарды

Денис Евсеев Гонконгта өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконгта өткен ITF Futures халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 25 мың долларды құрады.

Ақтық сында Евсееп қытайлық Син Гаомен кездесті. Матч 2 сағат 2 минутқа созылып, 6:4,1:6, 6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или