Головкин - «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өтпеуі мүмкін
Fightnights.com сайтының жазуынша, жанкүйерлер Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші айқасты күте алмауы мүмкін.
<span>Басылымның деректеріне қарағанда, мамыр айында «Канело» суперорта салмақта WBO чемпионы атанған отандасы Хильберто Рамиреспен (39-0, 25 КО) кездеседі. Альварес осы дивизионда тағы бір-екі жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, сәуірде 37-ге толатын Головкинмен үшінші айқасты өткізу мүмкіндігін азайтады.</span>
<span>«Егер Альварес 168 фунттық дивизионды біріктіріп жекпе-жек өткізе берсе, Головкинмен үшінші кездесу түбінде бола ма, жоқ па соны бақылап отырудың өзі бір қызық дүние емес пе», деп жазады Fightnights.com авторы Райан О'Хара.</span>
<span>Еске сала кетейік, желтоқсанда «Канело» Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) жеңіп, суперорта салмақта WBA чемпионы атанған болатын.</span>