Головкиннің жойқын нокауты - жылдың үздігі
Round 2 аргентиналық басылымы Твиттер желісінде 2018 жылғы кәсіби рингтегі ең қызықты сәттермен бөлісті.
Басылымның тілшілері 2018 жылдың ең есте қаларлық нокауттарын тізіп жатыр. Олардың қатарына танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) нокаутқа түсіруі енген.
- Осы жылдың үздік нокауттарын жариялауды жалғастырамыз. «Канеломен» бірінші кездесуінен кейін Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жегі, — деп жазады Round 2.
Continuamos con los nocauts del 2018 y es el turno de Gennady #Golovkin frente a Vanes #Martirosyan, luego de su primer combate contra el #Canelo. pic.twitter.com/PyxjTQBusV
— Round 2 (@Round2Box) 25 декабря 2018 г.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мамыр айында Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірген еді.