Серена Уильямс жыл спортшысы атанды
Associated Press басылымы америкалық теннисші Серена Уильямсті 2018 жылғы үздік әйел спортшы ретінде таныды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір айта кетерлігі, кіші Уильямс бұл атаққа бесінші мәрте қол жеткізіп отыр.
Ана атанып сәл үзіліс жасаған Серена биыл кортқа қайта оралып, Уимблдон турнирі мен АҚШ ашық чемпионатының финалында бақ сынады. Басылым редакторларының дауыс беруі нәтижесінде америкалық теннисші 93 ұпай жинады. Ал гимнастшы Симона Бэйлз 68 ұпаймен екінші орынды, баскетболшы Арике Огунбовале үшінші орынды иеленді.
Осылайша, Серена Уильямс <span>2018 жылы ешқандай жүлдеге қол жеткізе алмағанына қарамастан жыл спортшысы атанып отыр. Оған бұл атақ үлкен спортқа деген жігері мен жанкештілігі үшін берілді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или