Елеусінов кәсіпқой рингке бірінші қадамы туралы айтты
Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Sports nation бағдарламасына берген сұхбатында 2016 жылғы Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа неге ауыса алмағанын айтты.

Еске салайық, 2017 жылы Елеусінов аустралиялық MJA Entertainment's компаниясымен келісім жасап, кәсіпқой карьерасын Қытайда бастау керек болатын. Алайда кейін бұл келісім тоқтатылды.

«Менеджер болған жігіттер ұсынды. Келесімшарт өте жақсы еді, материалдық жағынан ұтымды. Жекпе-жектер үшін ақшасы үлкен еді. Олимпиададан кейін мұндай келесемшарт жасасу тамаша болатын. Аустралиялық компания, онда ақша жоқ, оны ешкім де білмейді дегендер болды. Инвесторлар қытайлар болған сияқты. Бірақ соңғы сәтте олар жұмыс істеуден бас тартқан. Компанияның өзінде де ақша болмады-ау. Осыдан кейін келісімшартты да тоқтату қажет болды», - дейді боксшы.

Бір жылдан кейін Елеусінов британиялық промоутер Эдди Хирнмен жұмыс істейтіні белгілі болды.