Батыр Жүкембаев басқа дивизионға ауысады
Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаев басқа дивизионға ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) жартылай орта дивизионға өтуі мүмкін.

Әзірге Жүкембаев жаңа салмаққа өтуді қарастырып отыр.
26 қаңтар Монреальда Жүкембаев канадалық Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, IBF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы жекпе-жектен бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақта Олимпиада чемпионы - Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) жұдырықтасып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или