Дмитрий Переверзев: Алдағы сындарда жақсы өнер көрсетуге тырысамыз
<span>Үстел теннисінен Ресей Суперлигасының екінші тур ойындарын аяқтаған «Астана» командасы 7 ойында жеңіске жетті.</span>
<span>Жарыстың соңғы күнінде Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Айя Әлімбаева және Гулчехра Хусейновалар испаниялық команданы жеңіп, мәскеулік «МФНТ-Кадет» клубынан 2:3 есебімен жеңілді. </span>
<span>Әзірге, 16 команданың арасында қазақстандықтар бесінші орында келеді. </span>
<span>«Жеті ойында біз айтарлықтай күш салмай-ақ, жеңіске жеттік. Команданың барлық мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Жаңа жылдық демалыс алдында жақсы көңіл-күй сыйлады бізге. АІВА академиясында өткен оқу-жаттығу жиындары мен Финляндиядағы халықаралық турнирдің пайдасы зор болды. Енді алдағы сындарда жақсы өнер көрсетуге тырысамыз», - дейді бапкер Дмитрий Переверзев. </span>