Ғалымбек Кенжебаев бокстан ұлттық құраманы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты

Ғалымбек Кенжебаев бокстан ұлттық құраманы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев қаңтар айында қызметіне кіріседі. Жаңа бапкердің жұмысы Талғардағы АІВА академиясындағы оқу-жаттығу жиындарынан басталмақ. Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген ол бас командада қандай өзгерістер болатынын айтты.

 - Ұлттық құраманың тізгінін алуды маған әу бастан айтып жүрді. Мен өз командамда, жастармен қалуды шештім. Яғни, үйреніскен жұмысым мен ортамнан алыстағым келмеген. Жақында Грекияда өткен халықаралық жарыс кезінде мемлекеттік жаттықтырушы Болат Әбдірахманов пен вице-президент Юрий Цхай хабарласып, мені бас бапкерлік қызметке тағайындағанын айтты. Ресми түрде Қарағандыда өткен Ғ. Жарылғаповты еске алу турнирінде жанкүйерге таныстырды.

Әрине, жаңа қызметтің жүгі де, жауапкершілігі де ауыр. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Оның үстіне, бокстың әлемдегі ахуалы қазір жақсы емес. АІВА мен ХОК бір шешімге келе алмай, былғары қолғап шеберлерінің алдағы Олимпиададағы тағдыры әлі белгісіз болып тұр. Міне, осындай қиын кезеңдерден команданы абыроймен алып шығу – басты мақсат,  - дейді Ғалымбек Кенжебаев. 

Бапкер ұлттық құраманы қандай өзгерістер күтетінін де айтып берді

 - Бұл қызметке келе салып, түбегейлі өзгеріс орнатамын деп айта алмаймын. Команда мүшелері де, бапкерлер де сол қалпында қалады. Тек, өзімнің жаттығу әдісімді қолданатыным рас. Әр бапкердің өзіндік жаттықтыру техникасы болады. Одан бөлек, ұлттық құрамаға мейілінше көп шәкірті енген жаттықтырушылар маған көмектеседі. Бұйырса, қаңтар айының 8 жұлдызынан бастап құрамадағы алғашқы жұмыс күнім басталады. АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиындары өтеді, - дейді Кенжебаев. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или