«Алаяқ Канело». Мэйвезер Альвареске қатысты мәлімдеме жасады
Америкалық боксшы Флойд Мэйвезер-кіші Сауль Альварес пен UFC балуаны Конор Макгрегор туралы пікірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі жазды.
Мэйвезер негізінен «Канелоның» Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында допинг қабылдағанын еске алды.
Естеріңізде болса, соның салдарынан жекпе-жек тек қыркүйек айында өткен болатын.
«Канело» менімен жұдырықтаспас бұрын тыйым салынған зат қосылған стейк жеді ме, жемеді ме, маңызы жоқ. Ол бәрібір менің мансабымдағы ең жеңіл жекпе-жек болды. Конор Макгрегор алаяқ «Канелоға» қарағанда әлдеқайда мықты қарсылас», – деп мәлімдеді Мэйвезер.
Айта кетейік, қыркүйек айында өткен жекпе-жекте судьялардың шешімі бойынша Альварес Головкинді жеңіп, WBA Super және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды.