Джермелл Чарло алғаш рет жеңіліс тапты

Джермелл Чарло алғаш рет жеңіліс тапты

Америкалық боксшы Джермелл Чарло Бруклинде Тони Харрисонмен өткізген жекпе-жекте алғаш рет жеңіліс тапты. 

Жеңіліс тапқан бірінші орта салмақтағы чемпион Джермелл Чарло WBC титулын қорғай алмады. 

Джермелл өз карьерасында 31 жекпе-жек өткізді, оның 15-інде қарсыласын нокаутпен жеңген. Бірақ осы жолы төрешілердің  ортақ шешімімен (116-112, 115-113 и 115-113) Харрисонмен 12 раунд қолғап түйістірген Чарло жеңіліс тапты.  

Жекпе-жек кезінде 28 жастағы Тони Харрисон өз қарсыласынан белсенді, соққылары таза болды және алғашқы алты раундта Чарлодан басым түсті, деп хабарлайды boxingnews24.com. Ал 10, 11 және 12-ші раундтарда Чарло қарсыласынан басым болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или