Головкин WBC тарихындағы үздік чемпиондар тізіміне енді

Головкин WBC тарихындағы үздік чемпиондар тізіміне енді

WBC қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді орта салмақта бүкіл кезеңдегі үздік 10 чемпионның қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы тізімде жетінші орын алды.

Ұйым бірінші орынға Шугар Рэй Леонардты қойған. Бернард Хопкинс пен Джои Джиарделло да үздік үштікке енді. Тізімге кірген басқа боксшылар: Карлос Монсон, Марвин Хаглер, Нино Бенвенути, Эмиль Гриффит, Серхио Мартинес және Родриго Вальдес.

Естеріңізге салсақ, Головкин 2014 жылдың қазаны мен 2016 жылдың сәуірі арасында WBC «уақытша» титулын иеленген. Ал 2016 жылдың мамырында ұйымның толыққанды белбеуін алды. Сол кезде Сауль Альварес белбеуден өз еркімен бас тартып, ол Головкинге өткен болатын.

Қазақстандық боксшы WBC белбеуін төрт рет қорғады. Ал биыл ол белбеу Канелоға қайта оралды – мексикалық боксшы қыркүйекте Головкинді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или