Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы ұлының тірісінде іске асыруды арман еткен бірқатар маңызды жобалар жөнінде мәлім етті. Бұл туралы Оксана Тен арнайы баспасөз мәслихаты кезінде айтып берген.

Сөзін бастамас бұрын Оксана Тен оның шақыртуын жерге қалдырмай, Денис Тен қорының қамқоршылық кеңесі өкілдерімен кездесуге келген журналистерге алғысын білдірді.

Денистің анасы ұлының тірісінде іске асыра алмай кеткен жобалары жөнінде айта бастағанда көмейіне өксік тығылғаны байқалды. Бірақ, артынан Оксана Тен өз-өзін қолға алып, сөзін жалғастырды.

- Оның асыл армандарының бірі - мәнерлеп сырғанау академиясын ашу болған еді. Біз оны 2019 жылы ашуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Оған қоса, әйгілі спортшының анасы бұл жобаны іске асыру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.

Оксана Тен ұлының құрметіне Алматы мен Астана қалаларында өткен сурет көрмелеріне қатысты да пікір білдірген.

- Біз Астана мен Алматыда бірнеше мәрте сурет көрмесін ұйымдастырдық. Оларға халықтың қызығушылығы аса үлкен болды, - деді Оксана Тен.

Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаушының анасы Алматыда Денистің құрметіне орнатылған ескерткіш тақта жөнінде де айта кетті.

- Оны біз үшін орны бөлек тұлға Тамара Анатольевна Тарасовна ашты, - деді Оксана Тен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или