Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
<span>Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталды. Ел чемпионатына Айза Имамбек бастаған ұлттық құрама үздіктері де қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.</span>
<span>Ұлттық біріншілік қалада жаңадан ашылған мұз сарайында өтуде. Жарыстың салтанатты түрде ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.</span>
<span>Қазақстан чемпионатына жалпы есебі 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың ішінде спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткерлер, жасөспірімдер мен жастар бар. </span>
<span>Ұлттық құрама мүшелері Айза Имамбек, Рахат Бралин және Алана Тоқтаровалар да чемпионатта бақ сынайды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или