Екінші жекпе-жекте Головкиннің «Канелоны» жеңгенінің дәлелі пайда болды. Видео
Artorias Boxing өзінің YouTube-арнасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео авторлары Головкин мен «Канелоның» жекпе-жек барысында бір-біріне жасаған нақты соққысын есептеген.
Видео соңында жекпе-жектің жалпы көрсеткіші көрсетіледі. Оған сәйкес, қазақстандық боксшы қарсыласына көбірек соққы жұмсаған. Яғни Головкиннің соққысының саны 208 болса, Альварестікі – 123.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/yHClg4dqMFk" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.