Головкин реваншта Альваресті жеңді ме?
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Мексика спортшысы Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесі жайлы дау-дамай әлі басылған жоқ, деп жазады Prosports.kz.
Бүгінде бүкіл әлем GGG мен <span>«Канело»</span> арасындағы үшінші кездесу жайлы сөз етіп жатқанына қарамастан, желіде қыркүйектің ортасында өткен екінші жекпе-жек жайлы видео пайда болды. Онда қазақстандық боксшының басым тұстары сөз болған.
YouTube желісіндегі Artorias Boxing арнасында кәсіби бокс әлемінің инсайдерлері эксклюзивті бейне материалға жан-жақты талдау жасап, Головкин мен Альварес реваншында жасалған дәл соққыларды есептеп көрген. Нәтижесінде, Геннадий 12 раундта 208 тура соққы жасаған, ал Сауль бар болғаны 123 соққысын дарыта алған.
Естеріңізге сала кетейік, төрешілер бұл жекпе-жекте жеңісті мексикалық боксшыға берген болатын.