Әлем футболы

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: Арабтар финалда

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: Арабтар финалда
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен Араб әмірлігінде футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финал ойындары басталды, - деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы клубтар арасындағы әлем біріншілігі 12 желтоқсанда басталды.

Бүгінгі ойында «Аль-Айн» клубы жеңіске жетіп, хорват бапкері Зоран Мамич жетекшілік жасайтын араб клубы плей-офф кезеңінен финалға дейін жетті.

Екінші жартылай финал ойыны ертең, 19 желтоқсанда өткізіледі. Онда «Касима Антлерс» пен «Реал Мадрид» командалары кездеседі.

Олардың жеңімпазы 22 желтоқсанда финалда «Аль-Айн» клубымен кездеседі.

Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі биыл 15-мәрте өткізіліп отыр.

Бүгінгі күнге дейін Испанияның «Барселона» мен «Реал Мадрид» командалары үш-үштен чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер