Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі қашан өтеді
ESPN телеарнасының тілшісі Давид Файтельсон Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>«Менің пайымдауымша, «Канело» Головкин тағы біраз қартайып, бойынан күш кеткенше күте тұрады. Дэниэл Джейкобс та, Джермалл Чарло да емес... «Канело» қалайда Головкинмен үшінші рет айқасуға тиіс», - деп жазды Файтельсон твиттерде.</span>
<span>Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, онда екеуі даулы жағдайда тең түсті («Канело» есебінде 118-110 ұпай, Головкин есебінде - 114-114, 115-113 ұпай), ал рематчта Альварес жеңіске жетті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или