Бокс

Қазақстандық боксшылар Астанада жеңіске жетті

Қазақстандық боксшылар Астанада жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық бірқатар боксшылар Астанадағы бокс кешінде өз жекпе-жектерін өткізді.

Асхат Уәлиханов украиналық Ярослав Юровпен кездескен. Жекпе-жек түгелімен алты раундқа созылып, төрешілер жеңісті Уәлихановқа берді. Осылайша, Уәлиханов кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне (екеуі – нокаут) қол жеткізді. Еншісінде бір жеңіліс бар.

Абылайхан Құсайынов та украиналық боксшымен жұдырықтасты. Оның қарсыласы Максим Мороз болған. Украиналық боксшы екінші раундта бір рет, үшінші раундта екі рет нокдаунға түсіп, кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Енді 27 жастағы Құсайыновтың еншісінде – 10 жеңіс (7-еуі – нокаутпен).

Айдар Шәрібаев болса, украиналық Артем Айвазадимен кездескен. Алты раундтың қорытындысы бойынша, Айдар төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Суперауыр салмақта сынға түсетін Руслан Мырсатаев украиналық Павел Кроленкомен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде де жеңімпазды төрешілер анықтады. Сегіз раундтан соң Руслан жеңімпаз атанды. Мырсатаев, осылайша, алты кездесуінің бәрін де жеңіспен аяқтап отыр. Алғаш рет кездесуді нокаутсыз тәмамдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер