Дмитрий Рейхерд әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды
Қазақстандық фристайл шебері Дмитрий Рейхерд Қытайдың Тайву қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз жартылай финалда 80,92 ұпай жинап, бесінші орынмен финалға шықты. Ал жүлде үшін күресте Дмитрий 86,92 ұпай жинады. Осы нәтиже оның турнирде үішнші орын алуына мүмкіндік берді.
Екінші орынды жапониялық Хоришима (87.68), бас жүлдені канадалық Кингсбари (90.31) иеленді.
Тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков жартылай финалда тек 31,16 ұпай жинап, жарысты аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или