Лондонда қазақстандық қос боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді

Лондонда қазақстандық қос боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді

Лондон қаласындағы York Hall кешенінде өткен бокс кешінде екі қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектерін өткізді, деп жазады prosports.kz.

22 жастағы боксшы Сұлтан Зәуірбек (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол төрт раундқа жоспарланған кездесудің бірінші раундында румыниялық Стефан Николаэні (2-13) жеңді.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек 2014 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алған. Дәл сол жылы кәсіпқой боксқа бет бұрып, MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған болатын.

Сұлтан соңғы жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карло қаласында никарагуалық Джонсон Теллеске (12-45-5, 6 КО) қарсы өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Бұл бокс кешінде шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Нұртас Әжбенов (1-0) та қарсыласын жеңді.

Нұртас 35 жастағы хорватиялық боксшы Анто Накичпен (1-18) жұдырықтасты. 4 раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта Нұртастың техникалық нокаутымен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или