Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды.

2009 жылдан бері ұлттық құраманы Мырзағали Айтжанов жаттықтырған болатын. Оның орнына Ғалымбек Кенжебаев тағайындалды.

Айтжановтың жаттықтыруымен қазақстандық боксшылар әлем мен Азияда көшбасшылардың бірі болды. Құрама боксшылары Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді.

«Қазір біздің құрама тоқырауда тұрып қалды. Бірнеше жылдан бері дайындықта ештеңе өзгерген жоқ. Сондықтан, жаңалықты жақсы көретін адамды бас бапкер қылып тағайындауды ұсындық. Сөйтіп бұл қызметке жастар командасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебаевты бекіттік», - дейді ҚБФ бапкерлік штабпен жұмыс бойынша вице-президенті Юрий Цхай айтты.

Айта кетейік, Кенжебаевтың бапкерлік тәжірибесі 35 жылға созылады. 1998-2005 жылдар арасында ол Геннадий Головкинді жаттықтырған. 2006-2009 жылдары, 2013-тен бүгінге дейін бокстан Қазақстан жастар құрамасын баптады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или