Батыр Жүкембаев: Кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын

Батыр Жүкембаев: Кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен арада болған келіспеушілік жайлы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Осыдан тура үш жыл бұрын Канадаға келдім. Көптеген даңқты боксшылар өмірге келген елге кәсіпқой мансабымды бастау үшін көштім. Мансабымды дәл Канадада бастауыма сәттілік жолдас болды. Промоутерім <span>Камил Эстефан, менеджерім Анна Рева және бапкерім Стефан Лароштың көмегімен Қазақстан мен Канадада мыңдаған жанкүйерлердің қолдауына ие болдым. Сол себепті осы уақытқа дейін өткізген 14 жекпе-жегімнің барлығында жеңіске жеттім. </span>

<span>Әр жекпе-жегім - нағыз Boxing Dram. Ал Патрисио Мореноға қарсы өткен соңғы жекпе-жегім тіпті ерекше. Ол кеште бірінші раундта нокдаун алдым. Екінші раундта жауап қайтарып, жетінші раундта жекпе-жекті нокаутпен аяқтадым. </span>

<span>Мен және жанкүйерлерім нағыз батырлардың айқастарын, чемпиондық белбеу мен үлкен сыйақы, ТВ көрсеткіші бойынша рекордтық қаралымдар мен көрермендерді күтеміз.</span>

Өзімнің салмағымдағы кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. Тек қай белбеу үшін, соммасын және өтетін орнын айтсаңыз болғаны. 

Командаммен бірге еңбектеніп жатырмыз. 2019 жылға жоспарымыз көп. Салмағымдағы үздіктермен АҚШ-та үлкен айқастар өткізгім келеді. Үлкен қадам жасайтын уақыт келді. Қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғысымды айтқым келеді. Қазақстан боксты жақсы көреді және бұл спорт түрін ерекше бағалайды, - дейді Батыр Жүкембаев.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 6 қараша күні Канаданың Квебек қаласында мексикалық Патрисио Мореноға <span>(20-3, 14 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или