Головкин мен «Канело» мамырда жұдырықтаспайды

Головкин мен «Канело» мамырда жұдырықтаспайды

<span>Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы келер жылдың мамыр айында жұдырықтаспайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. </span>

Бұл туралы talkSport.com сайтының тілшісі Майкл Бенсон твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

«Невада штатының спорттық комиссиясы <span>«Канелоның» 4 мамыр күні T-Mobile Arena кешенінде өтетін келесі жекпе-жегінің кестесін өзгертті. Бұға дейін Golden Boy және GGG Promotions компаниялары көрсетілген болатын. Қазір тек Golden Boy компаниясы тұр</span>», - деп жазды Майкл. 

Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 2017 және 2018 жылдардың қыркүйек айларында жекпе-жек өткізген. Алғашқы кездесуде қос боксшы тең түссе, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, WBА және WBC чемпиондық белбеулерін иемденді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или