Исламхан Ресей біріншілігін күшейтуге қауқарлы

Исламхан Ресей біріншілігін күшейтуге қауқарлы

Алдағы уақытта Армения, Белорусь, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің футболшылары Ресей Премьер-лигасында легионер ретінде саналмайтын болады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Осы орайда «Советский спорт» сайты Армения, Белорусь, Қырғызстан және Қазақстан елдерен Ресей Премьер-Лигасында ойнауға қауқарлы футболшылардың тізімін жасады. Оған Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан мен «Астананың» ойыншысы Иван Маевский енген.

Иван Маевский

Ол немістің Магдебург қаласында өмірге келген. Алайда футболмен айналысуды отанында бастаған. Польшада доп теуіп, артынша «Анжиге» ауысты. 30 жастағы Белорусь құрамасының орталық қорғаушысы қазіргі уақытта Қазақстан чемпионатында жергілікті «Астана» футбол клубында ойнайды. Ресейлік командаларды күштейтуге қауқарлы. Биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бір уақыттарда Станислав Черчесов баптаған «Легияның» қақпасына гол соққан.

Бауыржан Исламхан

Қазақстан біріншілігінің және ұлттық құраманың сапындағы үздік жартылай қорғаушыларының бірі - 25 жастағы Бауыржан Исламхан. Соңғы бірнеше жыл «Қайраттың» сапында доп тепкен Андрей Аршавин оның қабілеті туралы жақсы біледі. Ол - Ресей футболының XXI ғасырдағы үздік ойыншысы мансабын аяқтаған клубтың капитаны, - деп жазды ресейлік басылым.

Айта кетерлігі, Ресей біріншілігінде Қазақстан құрамасының 18 жасар ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді. Жас шабуылшы ақпаннан бері «Уфа» клубының сапында доп теуіп жүр. Сондай-ақ, жуырда «Қайраттың» түлегі Акмаль Бахтияров Ресейдің екінші лигасындағы «Сочи» командасымен келісімшартқа отыратынын мәлімдеген болатын.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или